Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хусейнмен кездесті.
big-01АРЕ2.jpg

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық-иордандық қарым-қатынастар Қазақстанның Араб елдерімен ынтымақтастығындағы ең қарқынды дамушы бағыттардың бірі екендігін атап өтті. Инвестициялық саладағы ынтымақтастық табысты дамуда. Иордандық кәсіпкерлер Каспий теңізінің жағалауында «Кендерлі» туристік аймағын дамытуға қатысуға ниетті. Оған 1,5 миллиард доллар инвестиция бағытталады.


Екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды жандандыруда Қазақстан-иордан іскерлік кеңесі маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы екі елдің жеке секторлары арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды ынталандыру, бизнес форумдарды тұрақты негізде ұйымдастыру қажеттігін атап көрсетті.


Әңгіме барысында тараптар өңірлік және халықаралық проблемалардың кейбір мәселелері бойынша пікір алмасты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар