Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 сәуір 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының экс-президенті Рудольф Шустерді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-Словакия экономикалық ынтымақтастығын дамыту туралы сөз болды.


Журналистерге арналған брифингте Р.Шустер былай деді:


– Словакияның президенті болған кезде, 2001 жылы ресми сапармен Қазақстанға келгенмін. Содан беріде Қазақстан елордасының өскендігі сондай, мен Астананы танымай қалдым – ол тамаша қала.

Экс-президент өзімен бірге ірі словак компанияларының жетекшілері келгенін, олар қазақстандық әріптестерімен теміржол көлігі, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастық, экономиканың түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру туралы келіссөз жүргізгенін атап өтті.


– Бұл жобалардың бәрі таяудағы бір-екі жылда іске асырылатын болады. Қазақстанның экономикалық даму қарқыны көп адамдарды таңдандырады. Мұнда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған, – деп мәлімдеді Р.Шустер.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар