Жаңалықтар

9 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ситигрупп» мемлекетаралық бақылау кеңесінің төрағасы Джеймс Вулфенсонды қабылдады.

1995-2005 жылдары Бүкіләлемдік банктің Президенті қызметін атқарған Джеймс Вулфенсон қазіргі уақытта Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.


Кездесу барысында Дж.Вулфенсонның Алматы өңірлік қаржы орталығын дамытуға, ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысты ұсыныстары, Дж.Вулфенсонның жеке қорының Қазақстан аумағындағы сауда және қаржылық қызмет көрсету салаларындағы жобаларды қаржыландыру ниеті талқыланды.


Сондай-ақ АҚШ-тағы ипотекалық несиелендіру дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізер әсері және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын дамыту жөнінде пікір алмасулар болды.


- Тараптар ел халқының қаржылық сауатын арттыру мәселелерін, сондай-ақ Вулфенсон мырзаның банк саласындағы саясатқа қатысты ұсынымдарын талқылады, - деді Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің төрағасы Әркен Арыстанов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар