Жаңалықтар

14 сәуір 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы – бас атқарушы директоры Дэвид О’Райллиді қабылдады.

Дэвид О’Райлли Президентке «Теңізшевройлдың» қызметін кеңейту жобасын іске асырудың барысы туралы айтып берді.


- Бірінші кезең аяқталды, соның нәтижесінде біз мұнай өндіруді 4 миллион тоннаға ұлғайттық және жыл аяғына дейін 18,7 миллион тонна өндіруді жоспарлап отырмыз. Кеңейту жобасының екінші кезеңі аяқталғанда біз жылына мұнай өндіруді 24 миллион тоннаға дейін жеткіземіз, - деді журналистерге арналған брифингте Д.О’Райлли.


Компания қызметінің экологиялық қырлары, атап айтқанда, күкіртті сақтау және кәдеге жарату жобасын іске асыру талқыланды. Президент Теңіз кен орнының аумағындағы экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар беріп, елдің табиғат қорғау заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін тапсырды.


Әңгіме барысында «Шеврон» компаниясы – Қазақстанға жұмыс істеуге келген алғашқы шетелдік ірі мұнай компаниясы екендігі атап өтілді. Қазіргі кезде компания «Теңізшевройл» БҚ құрылуының 15 жылдығын мерекелеуге әзірлену үстінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар