Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Шанхайға келді. Аталған мерейтойлық отырыс «Шанхай бестігінің» 10 жылдығы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бес жылдығына арналып отыр.
207.jpg

14 маусым күні түске дейін Елбасы Шанхайдағы тарихи мұражай мен Дамуды жоспарлау көрме орталығында болады деп жоспарланып отыр.

 

Сол күні түстен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездеседі.

 

Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі жөніндегі мәселелерді талқылайды.

 

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Қазақстан мен Қытай елдері басшыларының қатысуымен екі ведомствоаралық келісімге қол қойылмақ. Олар: Қазақстан даму банкі мен «Мойнақ ГЭС-і» АҚ арасындағы кредиттік келісімі мен Қытай Үкіметі тарапынан сатып алушыға ұсынылатын, Қазақстан даму банкі мен Қытайдың Экспорт-Импорт банкі арасындағы «Қазақстан Республикасындағы жолаушылар вагон паркін жаңарту» инвестициялық жобасын қаржыландыру үшін жеңілдетілген кредитті пайдалану жөніндегі келісімі.

 

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің  алтыншы кездесуінің қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың «Синьхуа» ақпараттық агенттігі мен  «Женьминь жибао», «China Daily» газеттері сияқты жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.

Сұхбаттың мәтінін оқисыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар