Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 тамыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі” АҚ басқармасының төрағасы Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Президентті “Самұрық” компаниялар тобының үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері, холдингтің даму болашағы туралы хабардар етті.


Ол теміржол саласында ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың барысы туралы хабарлады.


– Бұлар – локомотив құрастыру зауытының құрылысы, электровоздарды жаңғырту жобасы, Екібастұзда жаңа вагон құрастыру өндірісін құру. Бұл жобаларды іске асыру “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының, жолаушы вагондарын қоспағанда, жылжымалы құрамдарға деген сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді, – деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.


Холдинг басшысы сондай-ақ Президентке электр энергетикасы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар – Балқаш ЖЭС-і және Мойнақ СЭС-і туралы айтып берді. Мемлекет басшысы бұл жобалардың іске асырылуын жеделдетуді тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар