Жаңалықтар

30 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Бұл күндері Қазақстан мен Ресейде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 15 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өткізілуде. Ресей СІМ басшысының сапары да осы айтулы күнге орайластырылған.


- Қазақстанның сыртқы саясаты үшін ресейлік вектор аса маңызды. Екі мемлекет саясат пен қауіпсіздік мәселелерінде негізгі әріптер әрі одақтас болып табылады. Бұған жоғары деңгейдегі кездесулер серпіні де ықпал етіп отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар