Жаңалықтар

7 қазан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Виктор Черномырдинді қабылдады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейту, ТМД мемлекеттерімен өзара қатынастар, соның ішінде интеграциялық ұйымның мәселелері қозғалды. 

Президент Қазақстан тарабы Достастық қызметінің тиімділігін арттыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. 2008 жылы ұлттық үйлестіру туралы Ереже, ТМД-ға төрағалық ету туралы және бірқатар өзге құжаттар мақұлданды. 

Виктор Черномырдин Нұрсұлтан Назарбаевтың «Известия» газетінде жарияланған «Бесінші жол» атты мақаласына жоғары баға берді. 

- Бұл өте терең, аналитикалық материал. Нұрсұлтан Назарбаев – өмірлік тәжірибесі мол адам және бұл принципті мәнге ие, - деді Виктор Черномырдин. 

РФ Президентінің кеңесшісі Қазақстанның жаңа астанасының құрылысының қарқынына ризашылығын білдірді. 

- Мен Астанада тура 12 жыл бұрын болдым. Егер мені осында әкеліп, қайда келгенімді сұраса, мен өмірімде бұлай болады, мен Астанадамын деп ойламас едім. Ол кезде Астана қандай еді және бүгін қандай – екеуі бөлек қала. Бүгінгі Астана – бұл әдемі, қуатты және дамып келе жатқан қала, - деп атап өтті Виктор Черномырдин.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар