Жаңалықтар

4 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласының құрылысшыларымен, салынып жатқан 6-ықшамаудан тұрғындарымен және жастарымен кездесіп, тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

 

- Тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуымен байланысты күллі Қазақстан алып құрылыс алаңына айналды. Мен осында бұрынырақта өзім берген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын көруге келдім. Елімізде мыңдаған адамдар пәтер алып, жұмыс тауып жатыр, барлық қазақстандықтардың тұрмыс-жағдайы жақсаруда. Сіздердің облыс экономикасы да өсуде. Осында тұрғын үй беру көлемі төрт еседен астамға өсіп отыр. Төрт мың отбасы осы ықшамауданнан пәтер алмақ. Оның құрылысына жастарды үлкен іске жұмылдыратын студенттік отрядтардың қатысуының маңызы зор.  

Мұның барлығы Тәуелсіздік жағдайында ұлтаралық келісім мен толеранттылықтың арқасында біздің үлкен табыстарға қол жеткізгенімізді және барлық бағыт бойынша елеулі әрі жақсы өсім болып отырғанын білдіреді. Осындай ықшамаудандар бүкіл еліміз бойынша көбейе берсін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар