Жаңалықтар

25 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің жаңа кеңсесінің ашылу рәсіміне қатысты.

- Бұл оқиғаның біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің 15 жылдығында өтіп отырғаны айрықша жайт. Қазақстан өзінің БҰҰ-ға кірген сәтінен бастап осы Ұйымның және оның мамандандырылған мекемелерінің жұмысына аса белсенді қатысып отырды.


Бейбітшілік пен қауіпсіздік, экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты үдемелі дамыту, адам құқықтарын сақтау, лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылуда, - деді Президент өкілдікте сөйлеген сөзінде.


Президент Нью-Йорктегі біздің дипломаттардың елдің сыртқы саяси бағытын ілгерілету жөніндегі жұмыстарын жоғары бағалайтынын атап өтті және Тұрақты Өкілдік ұжымын қолайлы жұмыс істеуге қажетті барлық жағдай жасалған жаңа кең кеңсеге көшуімен құттықтады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар