Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 қыркүйек 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

01 - Кипр

02 - Эксон Мобил

Қазақстан Президенті Кипр Республикасының Президенті Димитрис Христофиаспен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясы аясында талқылауға енгізілген мәселелер талқыланды.

- Біздің елдеріміз арасында ешқандай проблема жоқ. Біз өз елдеріміздің сыртқы істер министрлерінің сапар алмасуын шештік. Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Кипрге келіп қайтуға шақырдым, - деді Д.Христофиас қазақстандық журналистерге арналған брифинг кезінде.

***

Мемлекет басшысы «Эксон Мобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті.

Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ қазақстандық жобаларды іске асыруға американдық компаниялардың қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар