Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Министрліктер үйінде болды, сонымен қатар елорданың спорттық құрылыс жобаларымен танысты.

90-жылдардың соңында Алматыдан Астанаға көшіп келген кезде көптеген министрліктер мен ведомствалар ғимараттарға орналастырлыған болатын. Осы жылы Ақорда резиденциясы жанынан жаңа Министрліктер үйі пайдаланылуға берілді.


Президент ғимараттың ішкі құрылысы мен жұмыс кабинеттерін және диеталық асхананы аралап шықты.


Министрлік үйі жалпы ауданы 222,9 мың шаршы метрден тұратын 4 корпустан тұрады. Онда 34 министрлік пен ведомствалар орналасқан. Атап айтқанда Әділет министрлігі, мәдениет және ақпарат, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері.


Ғимаратта Министрліктер мен ведомствалар қызметкерлерінің жұмыс кабинеттерінен басқа әрқайсысы 200 орындық 4 конференц-зал, 8 асхана, сауда орындары мен басқа да қажетті бөлмелер орналасқан.


Мемлекет басшысына мемлекеттік және шет тілдерді оқытуға арналған лингафонды кабинет көрсетілді. Мұнда сабақ арнайы LinquaMaxx бағдарламасы арқылы өтеді. Бұл бағдарлама сабақты жазып алуға және оны қайтадан тыңдауға мүмкіндік береді.


Ғимаратты көрсету барысында Президентке сонымен қатар Астана қаласында салынып жатқан спорттық кешендердің үлгісі көрсетілді. Бұлар – 30,8 мың отыратын орны бар жабық стадион, 10 мыңнан аса көрермендік орны бар велотрек, 2,5 мың көрерменге арналған жабық теннис корты. Бұл құрылыстың әрқайсысы ерекше. Мәселен, жабық стадионның басты ерекшелігі - оның Астананың табиғи ауа-райы жағдайына бейімділігі. Стадион жылжымалы шатырмен жабдықталып, жылдың кез келген уақытында футбол мен спорттың басқа да түрлерінен жарыстар өткізуге қолайлы. Басқа да құрылыстар жаңа әлемнің талаптарына сай.


- Келесі жылы біз елордамыздың 10 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Осы мерзімге барлық спорт кешендері пайдалануға беріледі, сонымен қатар негізгі мерекелік іс-шаралар өткізілетін кино-концерттік зал да пайдалануға берілмек, - деді Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар