Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қыркүйек 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

big-22.jpg

big-01.jpg

Онда ҰҚШҰ-ның жауапты аймағындағы ахуалды дамыту мен ұжымдық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерді бейтараптандыру, ең бастысы қазіргі заманғы қатерлерге қарсы күрес шараларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде сындарлы үнқатысу болды.


ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшылары Ұйым ынтымақтастығы пен дамуының түрлі қырларын талқылады, сондай-ақ 2006 жылы – Минскіде, 2007 жылы – Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы шешімдерінің орындалу қорытындысын қарады.


Лаңкестікке қарсы күрес пен Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси қызметін үйлестіру мәселелерінде ҰҚШҰ-ның әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.


Сессия барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарасы, сондай-ақ Ұйымның аталған мәселелерді шешуге қатысты ұстанымы көрсетілген Декларация қабылданды.


Мемлекет басшылары сондай-ақ «ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау, өрт сөндіру қызметі, апаттан сақтандыру органдары мен арнайы қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімге» қол қойды, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігі жүйесін құру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, БҰҰ-ның 2008-2012 жылдарға арналған лаңкестікке қарсы жаһандық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық іс-қимыл жоспары, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының арнайы мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру тәртібі туралы ереже бекітілді.


Сонымен қатар, «Арна» кешенді жедел алдын алу операциясына ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы өңірлік тұрақты операциясы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.


Өзінің сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тұтастай алғанда, Ұйым аясындағы ынтымақтастық нәтижелеріне қанағаттанатынын атап өтті, және осы сессияда қабылданған шешімдер өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар