Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Феликс Куловты қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар, сауда-экономикалық ынтымақтастық, Орталық Азия өңіріндегі ахуал мәселелері талқыланды.

Журналистермен өткен брифингте Ф. Кулов «өңірдегі жағдайды тұрақтандыруда Президент Назарбаевтың рөлі айрықша», деді.

 - Президент Назарбаев бір жағынан қоғамның көңіл-күйін жете сезіне алатын және халық нені қалайтынын білетін адам болса, екінші жағынан ел тұрғындары оның идеясын қабылдауға даяр емес жағдайда ол жауапкершілікті өз мойынына ала алатынын айтуға тиіспін. Атап айтқанда, бұл елорданы Алматыдан көшіру және жаңа Астананың құрылысына байланысты. Бұл аса батыл қадам және мұндай қадам әрбір басшының абырой-беделін арттырады. Мен бұл жерде соңғы рет 1998 жылы болған едім және бүгінгі екінші сапарымда менде таңданыстан басқа сөз жоқ. Есімдері тарихта мәңгілікке қалатын президенттер бар, Нұрсұлтан Назарбаев нақ солардың қатарында, – деді Қырғыз Үкіметінің басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар