Жаңалықтар

7 қазан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновты қабылдады.

Ә. Құсайынов ведомствоның ағымдағы жылдың басынан бергі жұмысының қорытындылары және таяу уақыттағы перспективасы туралы баяндады. Атап айтқанда, 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясын жүзеге асыру аясында еліміздің инфрақұрылымын дамыту туралы әңгіме қозғалды.

Автомобиль жолының саласы іс жүзінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль транзиттік дәлізін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыру арқылы басталды. Жалпы, 2008 – 2012 жылдарға арналған автомобиль жолы саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде республикалық деңгейдегі автомобиль жолының 86 пайызының және жергілікті желідегі 70 пайызының жағдайын жақсарту жоспарлануда.

Темір жол көлігі саласындағы Стратегияға сәйкес, «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» және «Қорғас – Жетіген» желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Авиация көлігі саласында Еуроодақ елдерімен байланыс орнықтыру, нормативтік-құқықтық базаны жаңарту және халықаралық сапа стандартына көшу жұмыстары жүргізілуде.

Министр сондай-ақ «Ақтау» теңіз портын жаңғырту барысы туралы баяндады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар