Жаңалықтар

3 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «KEGOC» АҚ президенті Қанат Бозымбаевты қабылдады

Қазақстан Президентіне компанияның ағымдағы жылғы жеті айының қызметінің қорытындылары, оның одан әрі даму жоспары, сондай-ақ Қазақстанның электрэнергетикалық саласындағы инвестициялық жобалардың перспективалары туралы есеп ұсынылды.

Қ. Бозымбаев сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан» 500 кВ өңіраралық жоғарывольтті электртарату желісі – ірі инфрақұрылымдық жобасы құрылысының аяқталуы туралы хабардар етті.

2009 жылғы 21 тамызда желі текстік режімде жұмысқа қосылды. Осылайша компания Қазақстан халқына Жолдауында аталған серпінді жобаны жүзеге асыру туралы Президенттің тапсырмасын орындады. «Солтүстік-Оңтүстік» электртарату желісі еліміздің орталық және оңтүстік өңірлеріне электр энергиясын жеткізуді екі есе арттыруды қамтамасыз етеді.

«KEGOC» АҚ басшысы желінің салтанатты іске қосылуы ағымдағы жылғы қыркүйекте Екібастұз қаласында «Екібастұз 1150» қосалқы стансасында жүзеге асырылатыны ұйғарылғанын мәлімдеді. Символдық түрде алғанда, бұдан 30 жыл бұрын осы қосалқы станса құрылысын бастау салтанатына Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар