Жаңалықтар

20 қазан 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

А.Жұмағалиев Президентті компанияның ағымдағы жұмысы туралы және «Қазақтелеком» АҚ-ының 2017 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта екі ірі серпінді жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «NGN» байланысының жаңа форматын дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді телефонмен қамтамасыз ету жобалары.


- Біздің жобамыз Қазақстан Республикасының барлық елді мекендерін телефон байланысымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биылғы жылдың өзінде ауылдың әр тұрғыны туысқандарымен телефон байланысы арқылы хабарласуға қол жеткізеді, - деді А.Жұмағалиев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар