Жаңалықтар

25 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Республика күні мерекесімен құттықтады.

- Осыдан он жеті жыл бұрын біз Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдадық. Бұл Қазақстанның даму жолын, өз болашағымызды айқындаған өте ауыр тарихи кезең болды. Декларацияға сүйене отырып, біз осы жылғы 16 желтоқсанда 16 жылдығын атап өтетін Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды қабылдадық, - деді Президент «Бәйтерек» монументі алаңындағы меркелік шараларға жиналған қала тұрғындары мен меймандарының алдында сөйлеген сөзінде.


Мемлекет басшысы әр жыл сайын қазақстандықтар Республика күнін жаңа табыстармен және жетістіктермен қарсы алатынын атап өтті. Бүгінде Қазақстан – халықаралық қоғамдастықтың жаңа мақсат - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге сенімді қадам басқан беделді мүшесі.


Мемлекеттің елордасы да серпінді дамуда. Мүнда ірі халықаралық форумдар өткізілетін әлемдегі бірінші Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Онымен Астана жаһандық мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуының астанасына айналды.


- Бүгінгі күні Қазақстан өз алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Біздер 2015 жылға дейін экономиканың көлемін 3 есеге арттырып, жаңа инновациялық экономика құруға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға тиіспіз. Қазақстанның жаңа биіктерді еңсеруінің негізі бірлік пен тұрақтылық болуы тиіс, - деді Президент.


Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға бақыт, денсаулық және табыстар тіледі.

Сол күні Президент Республика күніне орай ашылған жаңа мейманхана-ойын-сауық кешенінде болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар