Жаңалықтар

23 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты» (ҚМЭБИ) акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады.

Кездесу кезінде ҚМЭБИ-ді дамыту келешегі мен институттың ағымдағы қызметі талқыланды.

 
- ҚМЭБИ халықаралық жоғары оқу орындарын аккредитациялау агенттігіне өтініш тапсырған болатын. Мұндай өтінішті 120-дан астам университет тапсырған, олардың 40-ы ғана аккредитация алды. Осылардың екеуі ғана АҚШ-тан тысқары елдің жоғары оқу орны. Соның бірі Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты болып табылады. Біз қол жеткізген осы табысымызды мақтан тұтамыз. Мен бұл туралы Президентке баян етуді және Нұрсұлтан Әбішұлына біздің институтқа әрдайым қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысымды білдіруді өзімнің парызым деп санадым. Мен үшін Қазақстан халқына қызмет ету және қазақстандық жастарды оқыту үлкен құрмет, - деді Чан Йан Бэнг журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар