Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қаңтар 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылайтын тәуелсіз бақылаушылар делегация мүшелері Пол Виллені, Эмери де Монтескьюді, Андрейс Клементьевсті, Роландас Паксасты, Казимира Прунскене мен Владимир Сокорды қабылдады.
03

Кездесу кезінде Қазақстанның өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде дамуының қорытындылары, елде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, сондай-ақ алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық туралы әңгіме қозғалды.

Мемлекет басшысы парламенттік сайлаудың мерзімінен бұрын өткізілуі елде көп партиялы Парламентті құруды жеделдету ниетіне байланысты болғанын атап өтті. Қазақстан демократияландыру бағытына жылдам қадам жасау мүмкіндігіне ие. Ашық және таза сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалған, оның қорытындысы бойынша Парламентте кемінде екі партия болады.

«Джеймтаун» қорының аға сарапшысы Владимир Сокор бақылаушылардың бұл тобы осы жолы екінші рет Қазақстандағы сайлауға бақылаушы болып отырғанын атап өтті. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының дайындық жұмыстары жақсы әсер қалдырады. Барлық партия БАҚ-қа бірдей қолжетімділікке ие. Сайлауға дайындық жүргізу сайлауды жақсы өткізу үшін негіз болып табылады.

Еуропа Кеңесі Парламенті Ассамблеясының құрметті вице-президенті, Бельгия Корольдігінің құрметті сенаторы Пол Вилле өзінің Қазақстанның экономикалық дамуына ерекше сүйсінетінін атап өтті. Оның айтуынша, демократияландыру жолына жасалған қадамдар демократиялық қоғамды құруға деген үлкен қадам болмақ.

Брифинг кезінде Литва Халықтық партиясының төрайымы Казимира Дануте Прунскене Президент Н. Назарбаевпен кездесу өте қызықты өткенін атап өтті. Оған әртүрлі құрлықтар мен елдердің өкілдері қатысып, Қазақстандағы тұрақтылық, елдің зор жетістіктері туралы көп айтқан  және елге осы табысты жолды, экономикалық өсу мен халықтың әл-ауқатының артуын жалғастыруды тілеген.

- Қазақстанда тұрақтылық пен даму желісі сақталуда. Бұл да жақсы нәтижелер үшін маңызды негіз. Біз бұл тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған Қазақстан халқы үшін қуаныштымыз. Таяуда Парламентте кемінде екі партия болуын қамтамасыз ететін өзгерісті Конституцияға енгізуге қадам жасағаны Қазақстанның осы бағытта алға қадам басқанының дәлелі, - деп атап өтті брифинг барысында литвалық саясаткер.                           


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар