Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 ақпан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады

Бас прокурор Президентті еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі, өзекті қылмыстық істердің, соның ішінде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік фактілері және басқа да солармен байланысты істердің тергелу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу барысында қадағалау қызметінің кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда, әрекет етуші заңнамадағы қайшылықтар мен олқылықтарды жою,  қазақ-қытай шекарасындағы контрабандаға тосқауыл қою бойынша құқық қорғау органдарының қызметі және азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша прокурорлар қабылдап отырған шаралар туралы мәселелер талқыланды.

- ІІМ-мен бірлесіп біз есеп-тіркеу тәртібін күшейтудеміз. Бүгінде ішкі істер органы барлық қылмысты толық тіркеуге алуға бағдарланған. Біз бүгінде қылмысты өткен жылға қарағанда екі есе көп тіркейміз. Қылмыстың формальды өскеніне қарамастан, криминогендік жағдай еш өңірде нашарлаған жоқ. Сондай-ақ біз ауыр қылмыстар - өлтіру, тонау және ауыр есірткілерді тарату деңгейінің төмендегенін белгілеп отырмыз. Қылмыстың өсуі толық тіркеуге ұрлық, тонау және бұзақылық жағдайдың есебінен алынып отыр. Бұрындары есептен жасырылған барлық қылмыс түрі енді толық тіркеледі. Біз сондай-ақ арыздың электрондық есеп жүйесін енгіздік. Электрондық цифрлық қолы бар кез келген адам өз үйінде отырып-ақ құқық қорғау органдарына арыз жолдай алады. Ол арыздары міндеттті түрде тіркелетін болады және арызы бойынша жауап жолданатын болады. Мысал келтірер болсам, Шымкенттің тұрғыны 2 ай бойына ұрлық туралы өз арызын тіркете алмай келген. Ал ол электрондық арыз жазған бетте, арызы келесі күні тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды, - деді А. Дауылбаев.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауды күшейтуді тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар