Жаңалықтар

11 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамотасын қабылдады.

Президентке сенім грамоталарын Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі – Райнер Ойген Шлагетер, Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі – Ромуальдас Козыровичюс, Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі – Бахром Холназаров табыс етті.


Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде Мемлекет басшысы биылғы жылдың Қазақстанның сыртқы саясаты үшін айрықша маңызға ие болғанын еске салды. Қазақстанның ГФР, Литва және Тәжікстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 15 жыл толды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар