Жаңалықтар

9 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрыновты қабылдады.

Кездесу кезінде Қазақстандағы ғылымның басым бағыттарын дамыту мәселелері талқыланды.

- Мен Мемлекет басшысына Академияның соңғы үш жылда атқарған қызметінің қорытындылары туралы баяндадым. 2003 жылдан бастап біздің Академия нарықтық экономикаға сай жаңа даму жолына түсті. Біз кеңестік модельден бас тартып, Франция, АҚШ және басқа да батыс елдері ұлттық ғылым академияларының стандарттарын қабылдадық. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы бұдан былай әкімшілік істермен емес, тек қана ғылыми қызметпен айналысады – ғылымды дамытудың жаңа жолдарын әзірлейді, елде ғылымның басым әрі келешегі зор салаларын одан әрі дамыту үшін оларды айқындайды. Екінші міндетіміз – отандық ғалымдарымыздың ғылыми жетістіктерін жұртшылыққа таныту: ғылыми журналдар, монографиялар шығару, конкурстар, симпозиумдар өткізу. Үшінші міндет – ғылыми жобалар мен бағдарламаларға сараптама жасау. Осы мәселелердің барлығында біз белгілі бір табыстарға қол жеткіздік. Мемлекет басшысы бізге қолдау білдіріп, жұмысымызды мақұлдады. Бұл бізді қанаттандыра түседі әрі осы бағыттан таймай, алға қадам басуымызға жаңа күш береді. Біздің ғалымдарымыздың зор табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін, - деді М. Жұрынов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар