Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 сәуір 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенттік Мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбековті қабылдады.

М.Жолдасбеков орталықтың жұмысы, соның ішінде қазіргі Қазақстанның тарихына қатысты кітаптар шығару ісі туралы әңгімеледі.

– Мен бүгін Президентке алғашқы 14 томды табыс еттім, олар «Тәуелсіздік шежіресі», «Елмен сырласу», «Ел басшысы жолдады – елі қолдады», «Әлем Қазақстан туралы, әлем Президент туралы» атты төрт сериядан тұрады. Біз биыл осы жобаның тағы да 19 томын баспаға дайындаймыз, жалпы 2015 жылға қарай барлығы 138 том шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл басылымдар жас ұрпақты Отанымыздың тарихымен таныстырады, олардың бойына отаншылдық рухын сіңіруге септігін тигізеді. Президент біздің бұл ісімізді құптады, - деді М.Жолдасбеков.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар