Жаңалықтар

14 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенттігіне “Отан” партиясынан түскен кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясы алдында мемлекеттік тілді еркін меңгеретіндігін нақтылады.

Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы №12/26 Қаулысына сәйкес Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жазбаша тапсырмаларды орындап, мәтінді оқып, лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша сөз сөйледі.

Журналистермен өткен брифингте Мемлекет басшысы былай деді:

-Мен ашық сайлауды қамтамасыз ету туралы Жарлық шығардым және барлық атқарушы органдардан осы Жарлықтың ережелерін сақтауды талап етем. Сайлау еркін де ашық өтуі керек және де мемлекет нақ осындай сайлауды қамтамасыз етуге қам жасауға тиіс. Екінші: бұған дейін айтып өткенімдей, менің осы жылдар ішінде атқарған істерімді барлық қазақстандықтар біледі және мен үшін жарнама осы деп есептейтіндіктен мен арнайы сайлауалды компанияны өткізбеймін. Алдағы жеті жылға қатысты айтатын болсақ, мен биылғы жылғы сөйлеген сөздерімде әсіресе, бірінші қыркүйектегі Парламент сессиясының ашылуындағы сөзімде нақты айттым. Үшінші: біздің заңнамаға сәйкес сайлау барлық кандидаттар үшін бірдей мүмкіндіктер ұсынылған тең жағдайда өтуі тиіс. Заң баршаға ортақ. Барлық кандидаттар, оның ішінде оппозиция Сайлау туралы заңды, Конституцияны және еліміздің басқа да заңдарын сақтауға тиіс. Бәсекелестік, насихат, пиар-кампания, Конституция мен заңдарды бұзбай өркениетті түрде өтетін нақ осындай қадам біздің дамуымыздың тағы бір маңызды қадамына айналмақ. Біз осындай қадамның негізін қалауымыз керек. Бұған дейін айттым және тағы да айтатыным: менің Жарлығымының ережелеріне сәйкес құқық қорғау органдарына қандай да бір кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерінің біздің заңдарды қатаң қадағалау жөнінде тапсырма беріледі. Бұл сонымен қатар халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға да қатысты. Конституцияда және еліміздің заңдарында тыйым салынғандықтан да біз саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды қаржыландыру жолымен кандидатқа қолдау көрсету сияқты еліміздің ішкі ісіне қол сұғуға жол бермейміз.

Мен барлық қазақстандықтарды осынау тарихи сәтке аса байыптылықпен келуге шақырамын. Саяси тұрақтылықты сақтау, еліміздің тыныштығы, ұлтаралық келісім біздің болашақтағы табыстарымыздың кілті болып табылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар