Жаңалықтар

15 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Украина арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Григорьевич Цыбенконы II дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

В.Г. ЦЫБЕНКОНЫ II дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан мен Украина арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Григорьевич ЦЫБЕНКО II дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын.

   
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы 14 қыркүйек 

№ 1645


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар