Жаңалықтар

5 қараша 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Серік Ақановты және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдады.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Президентті қаржы секторының тұрақтылығын қолдау және мемлекеттік-жеке әріптестікті жақсарту жөніндегі шаралардың тиімділігі жөнінде хабардар етті.


С.Ақанов Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының атынан әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қазақстандық банк секторына көрсетіп отырған қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.


- Бұл қаржы секторының тұрақтылығын қолдау жөнінде Сіз алға қойған міндеттерді шешуде өте сындарлы шара және нақты көмек болып табылады. Бұл шаралар кешені өзінің оң нәтижесін береді, - деді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы.


Кездесу барысында Мемлекет басшысы әлемдік қаржы дағдарысы жалғасып отырғанын, соған қарамастан Қазақстан экономикасы тоқтап қалмай, дами беруі тиіс екендігін атап көрсетті. Бұл жағдайда Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының елдің экономикасына тигізер ықпалын барынша азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.


Президенттің тапсырмасымен Үкімет Қазақстанның төрт ірі банкі акцияларының бір бөлігіне ие болды.


- Жақсы кездер орнаған кезде банктер акцияларын қайтадан ала алады, ал мемлекет өз ақшасын қайтарып алады, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.


Президент банкирлердің алдына үш міндет қойды:

- экономиканы несиелендіруді ұлғайту;

- индустрияландыру және инновациялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды жалғастыру;

- шағын және орта бизнесті несиелендіруді тоқтатпау.


Мемлекет басшысы бұл салымшыларға, азаматтарға қосымша сенімділік беруі және қазақстандықтарға әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында мемлекет өзіне елдің банк секторын реттеу жөнінде неғұрлым кең функциялар алып отырғанын көрсетуі тиіс. Тұтастай алғанда, Президент Қазақстанның банк жүйесіне оң баға берді.


Кездесу соңында Президент қаржыгерлерді алда келе жатқан Ұлттық валюта – теңге күнінің 15 жылдығымен құттықтады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар