Жаңалықтар

5 сәуір 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Асылжан Мамытбековты қабылдады.

А.Мамытбеков Президентті холдингтің 2009 жылғы жұмыстарының қорытындылары мен ағымдағы жылға белгіленген міндеттері туралы хабардар етті.  Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласының өндірісін және Қазақстаннан экспортқа шығарылатын еттің мөлшерін арттыру жөніндегі мәселелер талқыланды.

- Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп нарығын одан әрі тұрақтандыру, импортқа тәуелділікті азайту, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін, сонымен қатар аграрлық сектордағы еңбек өнімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді, - деді А.Мамытбеков.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар