Жаңалықтар

11 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Ислам жиналысы Мәжілісінің (Парламенті) төрағасы Али Ардашир Лариджаниді қабылдады.
11.10.2010

Кездесу барысында Қазақстан-Иран экономикалық ынтымақтастығын дамыту, өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесуден кейін журналистерге арналған брифингте А.Лариджани Қазақстан-Иран ынтымақтастығының жоғары әлеуеті барлық өңірді дамытуда және оның қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Тараптарды Каспий теңізі байланыстырады, ал таяу уақытта сауда-экономикалық серіктестікті келесі жылы іске қосылатын жаңа темір жол нығайта түседі.

А.Лариджани Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларына жоғары баға берді.

- Қазақстан – бұл ЕҚЫҰ басқарып отырған Орталық Азиядағы алғашқы ел. Біз сіздердің республикаларыңыздың бұл жетістігін өте жоғары бағалаймыз. Біз сондай-ақ Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығына үлкен үміт артамыз. Мен Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасын байланыстыратын буын бола алады деп ойлаймын. Иран Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқысаяси бағытын толық қолдайды, - деді А.Лариджани.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар