Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевті қабылдады.

Министр «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XII кезектен тыс съезінде Президенттің Үкіметке берген Қазақстанның инновациялық индустрияландыруы жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы аралық есеп берді.

Осыған байланысты бірнеше бағыттар болйынша үлкен жұмыс жүргізілуде. «Қазақстан 2020» стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын еліміздің жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуының бесжылдық бағдарламасы әзірленуде. Әзірленіп жатқан 2010 – 2020 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы жаңа құжат болып табылады. Өңірдің базалық ресурстары мен инфрақұрылымының дамуын байланыстыратын ұтымды өндіріс қуатын орналастыру схемасын құру – маңызды бағыт.

-Қазіргі уақытта Қазақстанда 52 бағдарлама қолданыста бар. Олар әртүрлі уақытта қабылданған әрі инфрақұрылыммен, құралдармен тиісінше қамтамасыз етілмеген. Президент жіберілген барлық кемістікті жоюды тапсырды. Барлық 52 бағдарламаның күшін жоямыз, ал бізде 4 басты құжат қалады. Жылдың соңында біз Мемлекет басшысына оларды бекітуге ұсынуға тиіспіз, - деді Ә. Исекешев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар