Жаңалықтар

8 ақпан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ГФР-ның бұрынғы Федеральдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылынан Германия біздің еліміздің дамуына белсенді көмек көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

- Бізде саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен әлеует бар. Жоғары деңгейде, сондай-ақ парламенттер, министрлер, ведомстволар мен бизнес қоғамдастықтары арасындағы байланыстарға қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстан-Герман қарым-қатынастарының күн тәртібіндегі сапасы мен көлемі стратегиялық серіктестіктер мүмкіндіктері туралы айтуға мүмкіншіліктер береді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Х. Кёлер өз кезегінде екіжақты қатынастардың стратегиялық деңгейге шығу перспективасы жеткілікті түрде жоғары және энергетикалық салада ғана емес екенін атап өтті.

- Қазақстан Германия тарапынан дәйекті саяси және экономикалық реформалар жүргізіліп келе жатқан тұрақты мемлекет ретінде қарастырылады. Сіздің таяудағы Жолдауыңыз Қазақстанның өз экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту ниетінде екенін айқын көрсетеді, - деді Х. Кёлер.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар