Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

8 сәуір 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтельді қабылдады.

Кездесу барысында түрлі салалардағы қазақстан-эстония экономикалық ынтымақтастығын дамыту жайы әңгіме болды.


- Біздің ойымызша, Қазақстан мұнай, астық, металдар мен басқа да тауарларды Эстония арқылы тасымалдауға мүдделі. Эстония қазіргі заманғы теңіз айлақтарына ие және Қазақстанға транзиттік қызмет көрсете алады, - деді А.Рюйтель журналистерге арналған брифингте.


Ол сондай-ақ Эстонияның құрылыс фирмалары Астананың нысандарын салуға қатыса алатынын атап өтті.


- Мен Эстония Президенті болып тұрғанда, 2004 жылы Қазақстанға ресми сапармен келгенмін. Осы уақыт аралығында Астана, тұтастай алғанда, мемлекет те таң қаларлықтай өзгерген, - деп атап көрсетті А.Рюйтель.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар