Жаңалықтар

9 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.

Г. Әбдіқалықова Президентті республикадағы «Жол картасын» жүзеге асыру барысынан хабардар етті. Бүгінгі күні аталған бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген қаржының 62 пайызы игерілді, яғни 104 миллиардқа жуық теңгені құрайды.

Сондай-ақ кездесу барысында әлеуметтік блоктың бірқатар мәселелері, атап айтқанда, еліміздің көші-қон саясатының басым бағыттары талқыланды. Министр «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында – Оңтүстік Қазақстан облысының «Асар» шағын ауданындағы, Ақмола облысының Красный яр кентіндегі үйлердің құрылысы және Курчатов қаласындағы тұрғын үйді қайта жөндеуден өткізуге қатысты пилоттық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне «Жол картасын» жүзеге асырудың тетіктерін жақсартуға ерекше көңіл бөлуді, анағұрлым мәні бар жобаларға басымдық сипатта назар аударуды тапсырды. Сонымен бірге ұсынылатын жәрдемақылар құрылымына талдау жасауды, азаматтарға нақты кәсіп пен жұмыстар ұсынуға тиісінше көңіл бөлу қажеттігі туралы тапсырма берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар