Жаңалықтар

10 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Нұр-Астана» мешітінде болып, барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
144.jpg

- Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының аса ұлық мейрамы Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқының үштен екісі мұсылмандар. Міне, сондықтан мен биыл Құрбан айтты арнайы мереке ретінде жариялаған заңға қол қойдым. Ендігі жерде бұл күнді бүкіл мұсылман қауымы ресми мейрам ретінде тойлайтын болады. Дін тірегі – имандылық.

 

Ал имандылық Алла Тағалаға сиынған әр адамды тек жақсы, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді, әділет-парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Жаратқан Ием елімізге, халқымызға, баршамызға нұр-шапағатын жаудырсын. Бүкіл ел болып бастаған игі істеріміздің жемісіне қолымызды жеткізіп, кемел келешегімізді жарқын етсін деп тілейік, - деді Президент өз құттықтауында.

Мемлекет басшысының Құрбан айт мерекесінде сөйлеген сөзінің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар