Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен кездесті.
124.jpg

Ұлттық комиссия шеңберінде құрылған жұмыс топтарының жетекшілері Президентке Демократиялық реформалардың ұлттық бағдарламасы жобасының, Саяси жүйені реформалаудың мемлекеттік бағдарламасы мен Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы және басқа да іс-шаралар жобаларын бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары туралы баяндап берді.

 

-Сіздер сан алуан пікірлер жиынтығын топтастыра алдыңыздар, бұл түрлі саяси күштер үшін тиімді алаңға айналуына жол ашты. Қазіргі уақытта бұл жұмысты жалғастыра беру қажет. Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ЕҚЫҰ-мен белсенді түрде ынтымақтаса беруіміз қажет және де өзге елдердің ұсыныстарын ескере отырып тәжірибелерін белсенділікпен пайдаланғанымыз жөн,– деді кездесуде Президент.

 

Мемлекет басшысы сондай-ақ «ең бастысы – одан әрі демократияландыру жұмысында сүйеу болатын негізгі фактор - елдегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісім» екенін атап өтті.

Президент Демократиялық реформалардың ұлттық бағдарламасының жұмысын одан әрі жүргізуде Ұлттық комиссияның базасында Мемлекеттік Комиссия құруды тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар