Жаңалықтар

4 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады.
big-001.JPG

Премьер-Министр Президентке нан нарығында қалыптасқан ахуал мен Үкіметтің бағаны тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары, сондай-ақ елдің жылжымайтын мүлік нарығындағы ағымдағы жағдай жөнінде баяндады.


Сонымен қатар, Кәрім Мәсімов РФ Үкіметінің Төрағасы Виктор Зубков бастаған ресейлік делегациямен жүргізілген жұмыс бабындағы келіссөздер туралы және екі мемлекет басшыларының қатысуымен Новосібірде өтетін шекаралас өңірлердің IV форумына бірлескен әзірлік жөнінде баяндап берді.


Сондай-ақ кездесу барысында «Қазақстан-2030» Стратегиясы: бірінші 10 жылдық қорытындылары және келешегі» халықаралық конференциясына әзірлік пен өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар