Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

26 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда ашылатын екінші халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысушылар мен қонақтарды қабылдады.

Кездесуге атақты грекиялық кинорежиссер, «Еуразия-2005» кинофестивалі қазылар алқасының төрағасы Тео Ангелопулос, ресейлік кинорежиссерлер Вадим Абдрашитов пен Егор Кончаловский, голливуд жұлдызы Жан Клод Ван Дамм, әртіс Наталья Орынбасарова, америкалық кинопродюссерлер Майкл Мур мен Марк Мануэль қатысты.

 

- Біз Сіздерді 14 жыл ішінде әлемге танылып, тұрақты дамып келе жатқан жас тәуелсіз мемлекет – Қазақстанда қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Мен сіздерді біздің жаңа елордамызды көрсін деген ниетпен арнайы Астанаға шақырдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент қонақтарға Қазақстанның экономикалық дамуы, Астананың құрылысы, «Мәдени мұра» бағдарламасы мен кинематография саласындағы мемлекеттің саясаты туралы әңгімелеп берді.

 

– Біз үшін сіздердің осы кинофестивалге келулеріңіз өте маңызды, өйткені біздің кино мамандары сіздермен пікірлесе отырып, бай тәжірибе алмаса алады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мемлекет басшысы кинофестивалге қатысушыларға Қазақстан  жайында жақсы әсерге бөленулерін, қазақстандық әріптестерімен тиімді ынтымақтастық орнатуды және шығармашылық табыстар тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар