Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 сәуір 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы қаласында ашылған VІІ Еуразиялық медиа-форумның жұмысына қатысты.
big-01.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушылар мен қонақтарды құттықтай келе:

- Биыл жетінші рет өткізіліп отырған Еуразиялық медиа-форум өзінің жұмысын бастаған алғашқы күнінен бастап жаһандық дамудың аса күрделі мәселелерінің шешімін іздестірумен айналысып келеді, - деді.


Өзінің сөзінде Қазақстан Президенті соңғы кездесуден бері өткен бір жыл ішінде әлемнің қауіпсіздіктен арылмағандығын, әрі жаңа заман тудырып отырған қауіп-қатерлердің төмендемей отырғандығын атап өтті.


Мемлекет басшысының пікірінше көшбасшы елдер мен жалпы әлемдік қоғамдастықтан әлемдік экономиканың дамуы мен жаһандық сәйкессіздіктерді еңсеруді тұрақтандыруға мүмкіндік беретін халықаралық кооперациялардың жаңа нысанын әзірлеуге қатысты шешімді іс-қимыл талап етіледі. Бүгін барлық елдерден, әлемдік тарихта еш уақытта болмаған, жаңа тәртіп орнатуға деген жауапкершілік қажет.

- Әлемдік қоғамдастықтың құзыретіне сай оның мүмкіндіктерін халықаралық құқық пен әр мемлекеттің рөлі мен жауапкершілігі тұрғысынан қайтадан бағамдау қажеттілігі туып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Президент түрлі өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы, сондай-ақ Қазақстанның алдағы ЕЫҚҰ-ның төрағалығы аясында тұрақты сұхбатты қалыптастыратын Қазақстанның аймақтық және жаһандық мәселелерінің күн тәртібін баяндады.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің мәтінінқараңыздар.


Мемлекет басшысы VII Еуразиялық медиа-форумға келген бірқатар аса танымал саясат, қоғам қайраткерлері, БАҚ-ның басшылары – АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Збигнев Бжезинскиймен, ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының төрағасы Срджян Кериммен, "МИР" Мемлекетаралық телерадио компаниясының төрағасы Радик Батыршинмен, ИТАР-ТАСС басшылары Виталий Игнатенко және Михаил Гусманмен кездесті.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар