Жаңалықтар

24 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақтауға келіп, Маңғыстау облысының активімен кездесті. Президент Маңғыстау облысының жаңа әкімі Қырымбек Көшербаевты таныстырды.

 

- Сіздер оны өте жақсы білесіздер. Ол осыған дейін министр және салыстырмалы өлшеммен алғанда Маңғыстау облысына мейлінше ұқсас Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды. Қырымбек Көшербаев 2003 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, дипломатиялық қызметте өзін жақсы жағынан көрсете білді. Қырымбек Көшербаевтың басқарушылық және дипломатиялық үлкен тәжірибесі әкімдік қызметінде де облысқа тек оң нәтиже беретініне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Президент облыстың бұрынғы басшысы Болат Палымбетовтың төрт жылда атқарған жұмысына алғысын білдірді.

- Мен осында әр келген сайын оң өзгерістерді көріп жүрмін. Облыста атқарылған жұмыстар аз емес. Қазір біздің алдымызда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу міндеті тұр және бұл мақсат барлық білімді, күш-жігер мен тәжірибені жұмсауды талап етеді. Бұл жұмыстар Маңғыстау облысында да іске асырылатын болады, - деп атап өткен Мемлекет басшысы, өңірді дамытудың алдағы кезеңдегі басым бағыттарын алға тартты.

Қ.Көшербаевты тағайындау туралы Жарлықты <a href="қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар