Жаңалықтар

18 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владимир Бабичевты қабылдады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін В.Бабичевты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 
- Мен бүгін Президенттің жеке өзі тапсырған Қазақстан Республикасының жоғары наградасына ие болдым. Осы награда – алдымен менің еліме деген ықыластың символы және бүгінгі күні Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының шын мәнінде бұрын болып көрмеген тиімділік деңгейіне шығып отырғанын көрсетеді деп ойлаймын. Бұл алдымен өзара аса сенімді, достық қарым-қатынастар орнатқан біздің президенттеріміздің сіңірген еңбегі. Менің Қазақстанда Елші ретінде болған кезеңімде Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстанға тоғыз рет сапармен келгенін атап айтсақ та жеткілікті. Егер  биылғы жыл туралы айтар болсақ, онда қараша айында Минскіде өтетін кездесу біздің президенттердің осы жылдағы он екінші рет кездесуі болмақ. Сондықтан да біздің Ресейдің Қазақстандағы және Қазақстанның Ресейдегі елшілерінің, екі ел Үкіметтерінің, министрліктері мен ведомстволарының міндеттері қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды жүзеге асыру болып табылады. Қазақстаннан кетіп бара жатып өзімнің екіұдай сезімді бастан кешіп отырғанымды шын көңілден, жасырмай ашық айтқым келеді. Бір жағынан бұл осы елде көптеген достарымның қалып бара жатқанынан туған сезім, осы елмен, Қазақстанның тамаша халқымен қоштасу көңілге мұң ұялатады. Екіншіден жағынан бірлескен күш-жігердің арқасында Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары сапалық жаңа деңгейге көтерілгеніне қанағаттанғандық сезімі тағы бар, - деді В.Бабичев журналистерге арналған брифингте.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар