Жаңалықтар

24 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар саяси мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан халқына ант беру рәсіміне қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан халқы мен Президентіне Денсаулық сақтау министрі А.Дерновой, Көлік және коммуникация министрі С.Ахметов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ысқақов, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Мусин, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы М.Аюбаев, Астана қаласының әкімі А.Мамин, Атырау облысының әкімі Б.Рысқалиев, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Ә.Арыстанов салтанатты түрде ант берді.

 
- Еліміздің ұлы мерекесі – Республика күні қарсаңында сіздер халыққа және Президентке салтанатты түрде ант бердіңіздер. Бұл жүрек тебірентер сәт, оқиға әруақытта естеріңізде қалады деп есептеймін. Халықтың сенімін ақтау оңай жұмыс емес. Осы айтылған анттың әрбір сөзін, әр сөйлемін орындау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еліміздің Конституциясын, оның заңдары мен қағидаларын, халықтың бостандығы мен құқықтарын сақтауға сіздер кепіл боласыздар, соған ант бердіңіздер. Біз еліміз Тәуелсіздігінің 15-жылдығының қарсаңында тұрмыз. Осы 15 жылдың ішінде көп жағдайды басымыздан өткердік, бүгінгі тұрақтылыққа қол жеткіздік. Қазір алдымызда 50 дамыған елдің қатарына кіру мақсаты тұр. Әрине, бұл оңай шаруа емес, мен сіздерге сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, халыққа істеген еңбектеріңізге аса зор табыс тілеймін,  - деді Елбасы ант қабылдаушыларға арнаған сөзінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар