Жаңалықтар

9 сәуір 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Рәшид Түсіпбековті және Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевті қабылдады.

 

Бас прокурор Президентке елдегі заңдылықты сақтау мен құқықтық тәртіптің ахуалы және прокуратура органдарының ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысы жөнінде баяндады.

Р.Түсіпбеков сондай-ақ Мемлекет басшысының Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларының орындалу нәтижелері туралы хабарлады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы прокуратура органдарының жұмысын оң бағалап, кәсіпкерлер құқығын қорғауға, қазба байлықтарды игеру саласында заңдылықты сақтауға және үлескерлерді құрылыс компанияларының жауапсыз әрекеттерінен қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

- Бас прокуратураның және Бас прокурордың жұмысын қолдаймын. Прокуратура қызметкерлері ең күрделі учаскілерде жұмыс жасайды және Конституция мен еліміз заңдарының сөзсіз орындалуына қол жеткізе отырып, заңдылық мәселелерін жіті бақылауда ұстайды, - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев Мемлекет басшысына Атырау облысының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жөнінде әңгімеледі.

- Өткен жыл біз үшін табысты болды, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім байқалды. Негізгі азық-түлік тауарларының бағасы мен инфляция деңгейі белгіленген межеде тұрақталды. Атырау облысында жұмыстарында күрделі мәселелер қалыптасқан көптеген шетелдік компаниялар қызмет етеді. Мемлекет басшысы осы мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді, - деді Атырау облысының әкімі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар