Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 сәуір 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиевпен кездесті.

Ақордадағы салтанатты рәсімнен кейін екі елдің мемлекет басшылары шағын құрамдағы келіссөздерді өткізді.


Содан кейін президенттер екі мемлекет арасындағы саяси сұхбат пен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан ары дамыту мәселелері талқыланған Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары Мемлекетаралық Кеңесінің мәжілісіне қатысты.


Екі ел басшылары өзара әрекеттестікті тереңдету мен халықаралық ұйымдар аясындағы үйлесімділіктің маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Қазақстан Қырғыз Республикасының БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 63-сессиясы төрағасының орынбасарлығына үміткерлігін қолдайтыны атап өтілді.


Нұрсұлтан Назарбаев пен Құрманбек Бакиев Орталық Азия мемлекеттері одағын құру перспективасы жөніндегі ойларымен бөлісті және ТМД, ЕврАзЭС және ҰҚШҰ аясында аймақтық деңгейде кеңірек ықпалдасу жөніндегі уағадаластықтар негізінде осы мақсатқа жетудің кезеңді жетімділігін қолдайтындықтарын жеткізді.


Тараптар 2009 жылы Қазақстанда ОАМО құру бастамасына арналған халықаралық форум өткізу жөнінде уағадаласты.


Екіжақты ынтымақтастықтың дамуының оң бағытын ескере отырып тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту қажеттігін атап көрсетті. Дәлел ретінде өзара сауда айналымының 30%-ке өскенін атап өтті. 2007 жылы өзара сауда айналымының көлемі 531 миллион АҚШ долларын құраған.


Сонымен қатар тараптар су-энергетикалық, көлік және комуникация, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру қажеттігін атап көрсетті.


Тараптар өз нарықтарында екі мемлекеттің инвесторларына, сонымен қатар Қазақстан-Қырғыз инвестициялық қорының қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге деген ықыластарын білдірді.


Сонымен бірге екі мемлекет азаматтарының өзара қатынас саласындағы барлық санаттағы шартты-құқықтық базасын әрі еңбек ресурстарының ауысымы процесін кеңейтудің қажеттілігін атап өтті. Осы мақсатта тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық аумақтары тұрғындарының мемлекеттік шекарадан өту тәртібі жөніндегі мемлекетаралық келісімді әзірлеу қажеттігі жөніндегі ықыластарын білдірді.


Мемлекет басшылары Астана мен Бішкек арасындағы тұрақты жолаушылар әуе рейсінің ашылғандығын оң бағалады.


Екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін жылдам шешу үшін Жоғары Мемлекетаралық Кеңес құрылды. Оның отырысы жыл сайын екі елдің Премьер-министрлерінің төрағалығымен өткізілетін болады.


Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Құрманбек Бакиев екі елдің мемлекеттік органдарына осы сапар барысында бекітілген Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын жылдам іске асыруға қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.


Сапар барысында 2003 жылғы 25 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық ынтымақтастық жөніндегі шартқа өзгертулер енгізу туралы хаттамаға, 2008-2010 жылдарға арналған екіжақты ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту жөніндегі және Жоғары Мемлекетаралық Кеңес пен екі елдің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шешімдерге қол қойылды. Сонымен қатар Қазақ-Қырғыз Үкіметаралық Кеңесін құру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды.


Мемлекет басшылары бірлескен баспасөз конференциясына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.




Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар