Жаңалықтар

10 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсіміне қатысуға келген Грузия Президенті Михаил Саакашвилимен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, энергетикалық, туристік салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген мәселелері талқыланды.  
-Соңғы бірнеше айда біз екіжақты ынтымақтастықтың оң тәжірибесін қалыптастырдық. Энергетикалық дәліздерді дамытудағы өзара мүдделестікпен қатар біз өңірдегі туристік және көлік инфрақұрылымдарын дамытумен бірлесе айналысудамыз. Бізге Қазақстанның аса батыл әрі түбегейлі экономикалық реформаларыныі тәжірибелері ерекше маңызды. Грузия қазіргі уақытта Қазақстанның тәжірибесі бойынша экономиканы ырықтандыру, зейнетақы және банктік құрылымдарды реформаларуды жүргізуде. Сондықтан да Сіздердің елдеріңізге жасаған әрбір сапарымыз біз үшін пайдалы. Қазақстан біздің еліміздің ең ірі инвесторы болуға қадам жасауда, - деп атап көрсетті Михаил Саакашвили журналистермен өткен брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар