Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
big-002.jpg

Президент майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.


Ресми салтанат аяқталғаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлері қатарын аралап шығып, оларды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 63 жылдық меркесімен құттықтады.


- Бүгінгі күн халқымыздың ұлы мерекелерінің бірі болып саналады. Біз бүгін сол сұрапыл соғыста шейіт болған бабаларымызды еске аламыз. Олардың ерлігі мен батырлығы болмаса бүгінгідей жарқын заман болмас еді. Алладан олардың жанын жәннатта етуін сұраймыз. Сонымен қатар, бүгін біз қан майданда аман қалып, еліміздің игілігіне еңбек сіңірген, бізбен бірге Қазақстанды орнатқан аға буын аталарымызды құрметтейміз, - деді Мемлекет басшысы.


Елбасы сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда жұмыс жасаған азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық жасалып отырғанын атап өтті.


- Барша қазақстандықтарды, әсіресе, ардагерлерді бүгінгі Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ардагерлеріміз аман-есен болып, арамызда жүре берсін. Еліміздің аспаны ашық болсын! Сұрапыл соғыс болмасын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар