Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана және Алматы митрополиті Мефодийге православиелік Рождествомен құттықтауын жолдады.

Сізді және Сіз арқылы елдің барлық православиелік христиандарын Христос Рождествасының жарқын мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Өзара түсіністік пен бақуаттылық салтанат құрған осынау күні мейірімділік пен жақсылық, сүйіспеншілік пен келешекке деген үміт сезімі дінге сенушідердің бастарын біріктіріп отыр. Бүгін православиелік христиандармен бірге бұл мерекені барлық қазақстандықтар қарсы алып отыр.

Менің ұсынысым бойынша Рождество, сондай-ақ мұсылмандардың құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс күндері деп жарияланғанын Сіз білесіз. Биыл осы мерекенің тұспа-тұс келуінде терең мән бар.

Мемлекеттің өз адамдарының діни сезімдеріне деген сый-құрмет сезімі – біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің аса маңызды негіздерінің бірі.

Біз адамгершіліктің мәңгілік ақиқатына сүйене отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей және қолдай отыра, ортақ үйімізде татулық пен келісімді сақтап қалдық. Біз экономикада, саясатта және әлеуметтік салада ірі табыстарға қол жеткіздік. Біз бүгін әлемдегі ең бақуатты елердің қатарынан орын алуға ұмтылудамыз.

Егер біз рухани келісімді одан әрі нығайта түсіп, осынау игі дәстүрді біздің ұрпақтарымызға жеткізе алсақ, біз ең биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз! Сізбен Рождество мейрамын жарқын мерекесін бөлісе отырып, Қазақстанның барлық православиелік христиандарына алғысымды арнаймын. Сіздердің игі істеріңіз бен ақ ниеттеріңіз ортақ Отанымыздың игілігіне қызмет етуде.

Өз туыстарымызға, өз халқымызға, өз елімізге деген сүйіспеншілік әр жүректе беки түсіп, бізді біріктіре берсін.

Әр үйге татулық пен бақыт, әр қазақстандыққа сүйіспеншілік пен құт-берке тілеймін.

Сізді жарқын мерекеңізбен құттықтаймын, делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар