Жаңалықтар

27 сәуір 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Конгресс-холлда өткен Республикалық ұланның Президенттік оркестрінің концертін тамашалады.

Президенттік оркестрдің концерттік бағдарламасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған.

Махмұт Қасымбековтің сөзіне жазылған, Мемлекет басшысына арналған, Бекболат Тілеухан мен Рүстем Бейсенұлының «Жан аға» атты әні, сондай-ақ ақын Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған Республикалық ұланның әскери қызметкерлері Талғат Бердіғұлов пен Нұран Қамзиннің «Астана туралы толғау» атты әні алғаш рет шырқалды.

Бағдарламада сондай-ақ оркестрдің орындауында халық композиторы Түркештің күйі «Көңіл ашар», әлем елдерінің музыкалық шығармаларынан попурри, сонымен қатар қазақ, орыс және қытай халық билері орындалды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар