Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 желтоқсан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Ақбұлақ» жайылма өзенінің сағасында орын тепкен Орталық мұз айдынының ашылу салтанатына қатысты.
148.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Ақбұлақ» жайылма өзенінің сағасында орын тепкен Орталық мұз айдынының ашылу салтанатына қатысты.

Салтанатты рәсімде Елбасы жеткіншек спортшылардың мұз үстіндегі өнерін тамашалап, мұз айдынын аралап көрді.

Айдынының жалпы көлемі 55,3 мың шаршы метрді құрайды. Демалушылар үшін конькилерді уақытша пайдалану және киім ауыстыратын арнайы сегіз орын белгіленген. Демалыс орнының ашылу салтанатына мыңға жуық адам қатысып, Аяз ата мен Ақша қар мұз айдынының ортасына орнатылған жаңажылдық шыршаның жарығын жақты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар