Жаңалықтар

3 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстанның ғылымы мен ғылыми жүйесін дамыту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді.
03_big-001

Кеңеске Мемлекеттік хатшы, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, еліміздің жетекші ғылыми және жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Отырысты аша отырып, Президент ғылым әрдайым басымдыққа ие екенін атап өтті. Соңғы 5 жылда ғылымға бөлінген шығыс 3,5 есе өскен. Ғылыми-технологиялық даму басымдықтары анықталынған, Ғылымды дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Оны орындау барысында нанотехнология және биотехнология жөніндегі 5 ірі ұлттық зертхана құрылды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының жанынан инженерлік мамандыққа бейімдейтін 15 зертхана құрылды.

Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстар халықаралық сарапшылар тарапынан лайықты бағаланғанын атап өтті.

Қазақстанның жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың басталуымен ғылыми саланы дамыту мәселесі негізгі мәнге ие болып отыр.

- Біздің мақсатымыз – ғылымның дамуына жаңа қарқын беру, оның дамуы үшін дұрыс бағыттар беру және қазақстандық бизнестің ғылыммен тығыз байланыста болуына ықпал ету,- деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Отырыс барысында ғылымды басқару жүйесін реформалау мәселесі, Астанада жаңа университет ашу жөнінде пікірлер алмасылды.

Отырысты қорытындылай келе, Президент Қазақстан тиімді ғылыми жүйені өте қажетсініп отырғанын, қазақстандық қоғам мен экономикадағы идеялар, білім, ғылыми ашылымдар, технологиялық серпінді жүзеге асыру үшін тәсілдерді басшылықа алу қажеттігіне тоқталды.

- Ғылымы мен инновациясы екінші орындағы басымдыққа ие ел еш салада да бірінші бола алмайды, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елордадағы жаңа университетті ашу мәселесіне қатысты, Нұрсұлтан Назарбаев бұл жоғары оқу орны ең үздік әлемдік білім беру және ғылыми практикаға пара-пар қазақстандық өзіндік ерекшелікті байланыстыратын ұлттық брэнд болуы тиіс екендігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеңесте қаралған барлық мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар