Жаңалықтар

30 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылғы 7 маусымда Интернет-конференция өткізіп, жаһандық желіні пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді.

- Президенттің жаһандық желі арқылы нақты уақыт режимінде қазақстандықтармен мұндай диалог жасауы біздің елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл ел басшысының өз азаматтарымен байланысқа шығудың инновациялық және демократиялық формасы болып табылатынын атап көрсеткім келеді, - деді Президенттің Баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов Интернет-конференцияны өткізуге арналған брифингте.


Ол Қазақстан Президенті барлық жаңа және озық атаулыны терең түсінетін, жаңалыққа жаны құмар көшбасшылар қатарынан екенін, өз елінің дамуына даңғыл жол салып, өркениет өзгерістеріне қадам басып келетінін атап өтті. Сондықтан да Мемлекет басшысы инновацияларды Интернет-конференцияның тақырыбы ретінде таңдап алды. Сол себепті ақпараттық акцияның атауы «Қазақстан – энергия инновациясы» болып табылады. Қазіргі жағдайда инновациялар кең мағынада – тек ғылыми-техникалық ілгерілеулерге байланысты ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени және саяси инновацияларды қамтитын ұғым ретінде қарастырылып отыр.


Қазақстан Президентіне www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы мен akorda@e.gov.kz. электрондық поштасына жолдауға болады. Сұрақтар 7 маусым сағат 12.00-ге дейін қабылданады.


Мемлекет басшысына еліміздің барлық өңірінде құрылған Интернетке қол жетімділіктің 245 қоғамдық қосыны арқылы сұрақ жолдауға болады. Кез келген Интернет пайдаланушы Қазақстаннан және шет елдерден Президентке өз сұрағын қоя алады. Сондай-ақ, Интернет-конференцияның веб-порталында аса көңілге қонымды сұраққа дауыс беруге болады. Президент рейтингтік көрсеткіш бойынша басым дауыс жинаған 30 аса маңызды сауалға жауап береді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар